Жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртауға" екі қатаң талап қойылды

"АрселорМиттал Теміртауға" екі қатаң талап қойылды

Күні кеше бес бірдей кеншінің өліміне себеп болған Ленин атындағы шахтадағы апаттан кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Үкімет тарапынан қандай талап қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жер қойнауын пайдалану үшін бірнеше міндеттеме қойды.

Еске сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Бұдан бұрын президент Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық компанияны тарту керегін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының  сақталуына мән беруді тапсырды. Президенттің тапсырмасынан кейін  сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайтатын заң жобасын әзірледі.