сенбі, 23 қараша, 2024 7:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 2 мыңға жуық еңбек қауіпсіздігі талабын бұзған

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 2 мыңға жуық еңбек қауіпсіздігі талабын бұзған
ашық дереккөзі
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 2 мыңға жуық еңбек қауіпсіздігі талабын бұзған
Былтыр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзған 2 мыңға жуық дерек анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Брифингі барысында БАҚ өкілдері былтыр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздігі талабына сәйкес келмейтін қанша факті анықталғанын сұрады. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзған 2 мыңға жуық дерек анықталды. Олардың негізінде жауапты орган тарапынан ескерту жасалып, олқылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Онда талаптарды сәйкестендіру үшін арнайы мерзім белгіленеді. Ол орындалмаған жағдайда айыппұл салынады және заңды тұлғалар жауапқа тартылады», - деп жауап берді Нығмеджан Мақажанов БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Еске салайық, былтыр 3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада апат болды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар