Жаңалықтар
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Бас прокуратура тексеру жүргізіп жатыр – министр
- авторjambylinfo.kz
- 14 желтоқсан, 2022
- 255
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Бас прокуратура тексеру жүргізіп жатыр – министр
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының келісімшарт міндеттемелері қайта қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Темиртау» бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралды. Бұл ретте, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», - деді министр.
Сондай-ақ, ол заңсыз берілген кен орындарын қайтару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
«Бүгінгі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен жасалған 87 келісімшарттың 40-ы күшін жойып, 47 келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерді орындауы бойынша талдау жүргізіліп жатыр.
Өндіруге дайын, бірақ барлауға заңсыз берілген 143 кен орнының 10 лицензиясы/келісімшарты қайтарып алынды. 25 жер қойнауын пайдаланушыларға міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарламалар жіберілді», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстандағы 2022 жылғы шырша бағалары
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17