Жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына нақты талаптар қойылды - Брекешев

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына нақты талаптар қойылды - Брекешев

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына экология саласында нақты талаптар қойылып отырғанын айтты.

Осы орайда ол алдағы сәрсенбіде Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесетінін айтты.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жеткенін айтып, компанияға тексеру жүргізу керектігі туралы айтқан болатын. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Экология, геология және табиғи рерсурстар министрлігінің тексерушілерін өз аумағына кіргізбей қойған.