Жаңалықтар

АрселорМиттал Теміртау ресейлік компанияға сатыла ма – Скляр жауап берді

АрселорМиттал Теміртау ресейлік компанияға сатыла ма – Скляр жауап берді

Вице-премьер АрселорМиттал Теміртауды ресейлік компанияға сататыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол ондай қауесетке сенбеуге шақырды. Скляр ресейлік компаниямен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз дейді. Бұған дейін АрселорМитталдың Қазақстандағы активтерін ресейлік "Северсталь" иеленуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Роман Скляр еліміз АрселорМиттал Теміртауға инвестиция құюға мүмкіндігі бар инвесторлар іздестіріп жатқанын айтты. Оның айтуынша, еңбек қауіпсіздігіне баса мән беретін инвесторларға басымдық беріледі.