Жаңалықтар

«АрселорМиттал» зауытына 1 млрд 300 млн теңге айыппұл салынды

«АрселорМиттал» зауытына 1 млрд 300 млн теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Кәсіпорынға жүргізілген мониторинг барысында нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасын төмендету фактісі анықталды. Зауыт басшылығы апелляциялық шағым түсіргенімен, әкімшілік айыппұл күшінде қалды. Еске салайық, Президент шахтадағы жарылыстардың жиіленуіне байланысты кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізуді тапсырған еді.