Жаңалықтар
Қарсыласын нокдаунға жіберген Нұрбек Оралбай Азия чемпионатының финалына шықты
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:30
- 27
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Оралбай Түрікменстан өкілі Довлет Исламовты сенімді түрде жеңді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін финалға Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) пен Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) шыққан болатын.





