жұма, 22 қараша, 2024 23:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Артаевтан басқасын көрмедім": Бекзат Саттархановтың анасы қазақ боксшылары 24 жылдан бері үйіне аяқ баспағанын айтты

"Артаевтан басқасын көрмедім": Бекзат Саттархановтың анасы қазақ боксшылары 24 жылдан бері үйіне аяқ баспағанын айтты
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Есесіне өзбек боксшылары жыл сайын ананың ақ батасын алып кетеді екен

Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова жыл сайын өзбек боксшылары шаңырағына келіп кететінін, ал қазақ боксшылары 24 жылдан бері мүлде келмейтінін айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ақ жаулықты ана қазақ боксшыларын өз бала-шағам деп атайды екен.

"Мен боксшыларды бала-шағам деймін. Міне, биыл да мен өз бала-шағамды көрмедім. Бақтияр Артаевтан басқа ешкімді көрмеппін. 24 жыл болды ғой", - деді Сырлыгүл Саттарханова. 

Ал көрші Өзбекстан елінің былғары қолғап шеберлері жыл сайын марқұм Бекзат Саттархановтың үйіне аялдап, анасының ақ батасын алып кетеді екен. 

”Өзбектерді жамандап, көре алмай жатқандар бар ғой. Көре алмаушылық деген болмауы керек. Олар біздің көршіміз. Өздерінің еңбегімен жетістікке жетіп жатқан шығар.
Әр Олимпиада алдында өзбек боксшылары үйіме келеді. Бір жылдары Икарус автобусымен түгелдей келіп, дастарханымнан дәм ауыз тиіп, менен бата алып кетті. Жыл сайын келіп тұрады, биыл да келіп кетті", - деді ол "Уақыт көрсетеді" ютуб арнасына берген сұқбатында.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар