Жаңалықтар

«Қартайып кеткен»: сахнадан алыстан кеткен Мұрат Қожаны ел танымай қалды

Желіде әншінің гитарамен ән салып отырған видеосы тарады

Белгілі "Нұрлан мен Мұрат» тобының мүшесі Мұрат Қожаның жаңа образы көпшілікті таң қалдырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әншінің шашы ағарып, сақал-мұрты өсіп кеткенін көруге болады.

Бірнеше жылдан бері сахнаға шықпай кеткен әнші гитараның сүйемелдеуімен "Жұлдызым" әнін шырқап отыр. 

Әлеуметтік желі қолданушылары өнер иесінің жаңа образына түрлі пікір жазып жатыр. 

Олардың басым көпшілігі әншінің қатты қартайып кеткенін жазған.