Қарттарға құрмет көрсетті
Қарттарға құрмет көрсетті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжановтың бастамасымен жеке құрам қызметкерлері Тараз қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына арнайы барып, қарттарға құрмет көрсетті. Жылы жүздесуде Жәнібек Жамалбекұлы кез келген халықтың асыл қазынасы – қариялар екенін атап өтіп, абыз кеуде ақсақалдарға сый-сияпатын табыс етті. Өз кезегінде қарттар да сақшыларға ризашылығын білдіріп, баталарын берді. Айта кетейік, бұл күні сондай-ақ №67 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері саналы ғұмырын Қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына арнаған сала ардагері Мария Полещюктің шаңырағына барып, құрмет көрсетті.