сейсенбі, 18 наурыз, 2025 0:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Арулардың назарына: Астана полициясы сақ болуға шақырды

Арулардың назарына: Астана полициясы сақ болуға шақырды
Ашық дереккөз
Бұл туралы Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астананың полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы сусынға есірткі заттарының қосылғанын қалай анықтауға болатынын түсіндірді, -  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өткен жылы елордада 8000-нан астам есірткі қылмысы анықталған, соның ішінде қаскүнемдердің адамдардың, әсіресе қыздардың, сусындарына есірткі қосу фактілері де тіркелген.

Осындай жағдайдың құрбаны болмас үшін полиция арнайы тест-жолақтарын пайдалануға кеңес береді.

"Мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, олар шағын әрі көп орын алмайды. Ең бастысы – бір минуттың ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Бұл қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым әрі тиімді тәсілі", – делінген хабарламада.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар