Жаңалықтар

Қарулы күштерден 17 мың әскери қызметші кеткен: қорғаныс министрлігі алаңдаушылық білдірді

Қарулы күштерден 17 мың әскери қызметші кеткен: қорғаныс министрлігі алаңдаушылық білдірді

Төрт жыл ішінде Қазақстанның Қарулы күштерінен 17 065 әскери қызметші босатылған. Ал осы аралықта армия қатарына қосылған әскерилер саны кәсіби кадрлардың орнын толтыра алмай отыр. Бұл туралы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштері Бас штабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның айтуынша, әскери қызметшілердің армия қатарынан кетуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Олардың саны жыл сайын азаяр емес.

Ал дәл осы төрт жыл ішінде Қарулы күштер қатарына 14 311 әскери қызметші қосылған. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскерилердің армияда тұрақтамауына қаржылай және әлеуметтік көмектің аздығы себеп екенін атап өтті.