
Дегенмен, көпшілік арасында "ақшам жоқ, сонда да құрбан шалуға қарыз алайын ба?" деген сұрақ жиі туындайды. Бұл мәселеге шариғат қалай қарайды?
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі бұл сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Егер бір мұсылманға құрбан шалу уәжіп болса, яғни қажетті жағдайы мен мүлкі бар, алайда сол сәтте қолында нақты ақша болмаса, қарыз алып құрбан шалуы – міндет. Себебі ол уәжіп болған істі орындауға жауапты.
Ал егер адамға құрбан шалу уәжіп емес болса, яғни өзі мұқтаж, күнделікті қажеттіліктеріне жетерлік мүлкі жоқ болса, құрбан шалу үшін қарыз алу – дұрыс емес. Бұл — дінде қажетсіз ауыртпалыққа ұшырату саналады.
Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Алла ешбір жанға күші жететінінен басқаны жүктемейді» (Бақара сүресі, 286-аят).