Жаңалықтар

«Қарызын 3 ай бойы жаба алмаған азаматқа банк несие бермейді»: Агенттік ұсыныс білдірді

«Қарызын 3 ай бойы жаба алмаған азаматқа банк несие бермейді»: Агенттік ұсыныс білдірді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк алдындағы қарызын 90 күннен аса төлемеген азаматтарға несие беруге тыйым салуды ұсынды. «Банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі күнтізбелік 90 күннен асатын жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруге тыйым салынады», - деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған жобада. Мұндай бастама қазақстандықтардың көп қарыздануының алдын алуға бағытталған деп түсіндіреді агенттік. «Бұл ретте проблемалық берешектің өсуін шектеу және қолданыстағы қарыздар бойынша қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету мақсатында қарыз алушылардың берешекті қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда құқығын сақтау қажет», - делінген құжатта. Дереккөз: ulysmedia-ның телеграм каналынан