Жаңалықтар
Қашанға дейін жалған статистикамен өмір сүреміз – депутат Үкіметті қатаң сынады
- авторjambylinfo.kz
- 1 желтоқсан, 2022
- 254
Қашанға дейін жалған статистикамен өмір сүреміз – депутат Үкіметті қатаң сынады
Депутат Азамат Әбілдаев «шаруалардың жан айқайын әлі естімей келе жатыр» деп Үкіметті қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады, алдағы жылы ауыл аймақты өркендетуге басымдық береміз деп атап көрсетті. Бұдан кейін құзырлы органдардың жұмысы барынша жанданып, тиімділігі артуы тиіс еді. Шын мәнінде жағдай бұлай болмай отыр. Осы залда біз 2 жылдан бері қаншама сауал жолдадық. Өкінішке қарай, баяғы жартас сол жартас. Үкімет шаруалардың жан айқайын әлі естімей келеді. Қағаз жүзінде бәрі «қатып» тұрғаны болмаса, айтарлықтай өзгерістерді қарапайым адамдар сезініп отырған жоқ», - дейді депутат.Депутат Ауыл шаруашылығы министрлігінің халық алдында қалай есеп беретініне қайран қалатынын айтады.
«Мәселен ветеринария жұмысында былық пен кемшілік шаш етектен. Жарты жылдан астам уақыт бойы осы салаға жауапты комитет төрағасымен вице-министр тағайындалмады. Салдарынан 8 ай бойы егілетін вакцина қолға тимеді. Соншама уақытта жиналған екпені бір айда жаппай салуға болмайтынын оқымаған шаруа да біледі. Мұның ақырында қаншама мал ауруға ұшырап, мемлекет қаржысына сатып алынған екпе қоқыстарға төгілді. Экспортқа суытылған ет шығарамыз деген үміттен айырылдық. Бірақ министрлік міз бақпады», - дейді ол.Азамат Әбілдаев өткен жылы біраз аймақтарда жемшөп тапшылығынан бірақ аймақта жұт болғанын еске салды.
«Үкіметтен қажет көмек жетпеді. Министрлік болса, ашық құрсақ малдың жайын ескермей, егер төлді 75% болмаса, субсидия берілмейді және зоотехнорма 5%-дан аспауы керек деген бұйрық шығарды. Малшылардың бірі субсидиядан айырылса, екіншісі құжатты бұйрыққа сай келтіреміз деп істі болды. Арық малдарын сата алмаған ағайындар дер кезінде қарызын жаба алмай, айыппұл төлеп, кемінде 5 жылға дейін несие алу мүмкіндігінен айырылды. Биыл диқандар да қиындыққа тап болды. Маңдай терін төгіп, егін еккен адамдар, астығын өткізе алмай отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 13 қазандағы жазбаша берген жауабында 10 500 вагон бар. Экспорттаушылардың қажеттілігі шешілді деп сендірген. Өкінішке қарай ол да болмады. Енді олар желтоқсанға дейін кредиттерін өтей алмаса, 2023 жылы несиеден айырылады. Бұған жаны ашып жатқан бір министр жоқ», - дейді ол.Депутат енді сүт және сүт өндіру ісінде таңғарлық саладан шу шыққанын айтады. Еңбек адамдары сүтке берілетін субсидияны 2 есе төмендетуді сұраған министрдің бастамасына қарсы реніш білдірген. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 2021 жылы 219 млрд теңге бөлінсе, биыл 420 млрд теңге субсиядияға көтерілген.
«Енді неге фермерлерге берілетін субсидиялар 2 есе көбеюдің орнына азайып барады. Көп жағдайда Үкімет сырғытпа жауап беріп, үйреніп алған. Ел ішінде осы салаға 5 жылда 2 трлн теңге субсидия бөлінген дегендей ақпарат бар. Бірақ министрліктің әр жылға бөлінген субсидиялары бойынша жазбаша ақпарат алған кезде 5 жылда ол 1 трлн теңгеге де жетпеді. Біз қашанға дейін жалған статистикамен өмір сүреміз. Мұндай статистиканы беретіндер жауапқа тартылмай ештеңе өзгермейді. Жалған статистикамен қалай мемлекеттік даму стратегиясын жасауға болады. Ауыл шаруашылығын субсидиялауды қысқарту жалғаса берсе, қалай азық-түлік қауіпсіздігін, халықты қажет тауарлармен қамтамасыз етеміз?», - дейд іол.Азамат Әбілдаев жұмыс істеп отырған шаруаларды қанай бермей, оларға жағдай жасап, штаф пен пения дегенді алып тастап, қара тізімді жойып, субсидияны дер кезінде төлеп, шаруаларға ұзақ мерзімге несие беруді сұрады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024