Жаңалықтар

Қашанға дейін жалған статистикамен өмір сүреміз – депутат Үкіметті қатаң сынады

Қашанға дейін жалған статистикамен өмір сүреміз – депутат Үкіметті қатаң сынады

Депутат Азамат Әбілдаев «шаруалардың жан айқайын әлі естімей келе жатыр» деп Үкіметті қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат Ауыл шаруашылығы министрлігінің халық алдында қалай есеп беретініне қайран қалатынын айтады.

Азамат Әбілдаев өткен жылы біраз аймақтарда жемшөп тапшылығынан бірақ аймақта жұт болғанын еске салды.

Депутат енді сүт және сүт өндіру ісінде таңғарлық саладан шу шыққанын айтады. Еңбек адамдары сүтке берілетін субсидияны 2 есе төмендетуді сұраған министрдің бастамасына қарсы реніш білдірген. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 2021 жылы 219 млрд теңге бөлінсе, биыл 420 млрд теңге субсиядияға көтерілген.

Азамат Әбілдаев жұмыс істеп отырған шаруаларды қанай бермей, оларға жағдай жасап, штаф пен пения дегенді алып тастап, қара тізімді жойып, субсидияны дер кезінде төлеп, шаруаларға ұзақ мерзімге несие беруді сұрады.