жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Асхананың чемпионы»: Kalifarniya әйеліне су жаңа көлік сыйлады

«Асхананың чемпионы»: Kalifarniya әйеліне су жаңа көлік сыйлады
Сурет ашық дерекөзден алынды
Әнші Фархат Қалиев жұбайы Әнелге темір тұлпар сыйлады

 Kalifarniya әйеліне су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.. 

Өмірде де, сахнада да бірге жүрген жұлдызды жұп үшін бүгін ерекше қуанышты  күн болды.  

«Бүгін керемет күн болғалы тұр. Париж Олимпиадасының чемпиондарына көлік мінгізіп жатыр ғой. Мен де қалыс қалмайын деп үйімнің асханасындағы чемпион әйеліме көлік сыйлағалы тұрмын. Ол ештеңе білмейді. Қазір ғана шақырдым. Реакциясын бірге көрейік», – деді әнші. 

Қымбат сыйлықты күтпеген Әнелдің қуанышында шек болмады.

«Сен де чемпионсың, жүрек», – деп жазды өнер иесі. 

Жұлдызды жұпты оқырмандары да жарыса құттықтап, аржарма тілегін  толассыз ақтарып жатыр.       

 

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар