Жаңалықтар

Қашықтан жұмыс істеудің артықшылығы анықталды

The final spritzer

Қашықтан жұмыс істеудің артықшылығы анықталды

Індет кезінде қашықтан жұмыс істеген қызметкерлердің еңбек өнімділігі 22%-ке артқан. Мұны француз ғалымдары анықтады. Олардың айтуынша, үйден жұмыс істеу кезінде азаматтардың бөгде заттарға көңілі бөліне бермейді. Оның үстіне тамақтануға немесе жұмысқа жетуге уақыт кетпейді. «Бұл сөзсіз артықшылық», - дейді олар. Дегенмен, ғалымдар ұзақ мерзімді перспективада қашықтан жұмыс істеу азаматтарға кері әсер беруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Мәселен, қызметкерлер ұзақ уақыт бойы әріптестерімен тілдеспесе немесе жұмысты қадағалау жағы күшейтілсе, еңбек өнімділігі керісінше, 20%-ке азаюы мүмкін.