Қасиетті Рамазан айына дайындық басталды
Биыл Ораза 1 наурызда басталады
Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі қалаларында Раманзан айына орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, сауда орындары жеңілдік акциясын жариялап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.24 kz-ке сілтеме жасап.
Биыл әмірліктегі компаниялар ораза ұстап, ауыз бекіткен жамағатқа қолайлы жұмыс кестесін ұсынуға ниетті. Білім беру мекемелері де сол тәжірибеге сүйеніп, оқыту бағдарламаларын ықшамдауды көздеп отыр.
Ораза айына арналған тауар, азық-түлік және киімнің сан алуан түрі саудаланып жатыр. Сондай-ақ тақырыптық концерт пен қойылым, арабтың ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырылған.
Айта кетейік, Қазақстанда Рамазан айы 1-ші наурызда басталады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 2025-ші жылғы діни күндердің кестесін бекітті. Қадір түні 26-нан 27-не қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 30-нан басталып, үш күнге созылады.
Ал Құрбан айт маусымның 6,7,8 күндеріне жоспарланып отыр. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мәлімдеуінше, Хижра айының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған.