Астанаға Джениффер Лопес келеді: Бюджетке 400 миллион салық түседі деп күтілуде
- авторАрайлы Жақсылық
- 8 сәуір, 2025
- 267

Бұл туралы «Астана концерт» продюсері Мәлік Хасенов Үкімет отырысында туристік саланы цифрландыру мәселесіне арналған жиында мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«2025 жылғы 1 тамызда Астана Арена стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Іс-шара толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Бұл концерт Астананы А санатындағы жұлдыздардың электронды картасына шығаратын маңызды оқиға болмақ. Біз 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтіп отырмыз», – деді Хасенов.
Оның айтуынша, концерттің қала экономикасына жалпы үлесі 6,5 млрд теңгені HoReCa (қонақүй, мейрамхана, тамақтандыру) секторы арқылы құрап, 400 млн теңгеден астам салық түсімін қамтамасыз етеді.
«А санатындағы алғашқы концертті өткізгеннен кейін Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, оқиғалық туризмді дамытуға арналған стратегиялық жоспар әзірленеді. Жоспарға сәйкес, үш жыл ішінде А санатындағы 10 концерт өткізу көзделуде. Негізгі мақсат – Астананы Орталық Азиядағы оқиғалық туризмнің орталығына айналдыру», – деп толықтырды Хасенов.