Жаңалықтар
Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді
- авторjambylinfo.kz
- 13 қыркүйек, 2022
- 294
Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді
Депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды ЖамбылИнфо Мемлекет басшысының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.
« Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім.
Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.
Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді» деп жазды Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, жазбада Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы керегі айтылған.
«Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс» делінген сөз соңында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Биыл оқулықтар толықтай цифрлық форматқа көшіріледі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тарихи рекордқа жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2025