Жаңалықтар
Astana Half Marathon: Елордадағы бірқатар көше уақытша жабылады
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2025
- 181

Биылғы жарысқа 30-дан астам елден 8 000 адам қатысады.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордада 4-рет Astana Half Marathon өтеді. Сол себепті қаладағы көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Жартылай марафон Тәуелсіздік алаңынан басталып, «Архар» мен «Сығанақ-Мәңгілік Ел» көпірлері арқылы өтеді.
31 мамыр 06:00 – 1 маусым 11:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылы Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін жартылай жабық болады. Ал 1 маусым күні қаладағы бірқатар көше таңғы 6:00-ден сағат 10:00-ге дейін жабылады.