
Экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапқан.
Оқиға бүгін шамамен сағат 11:30-да Жоламан әуеайлағының маңында орын алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
TL-2000 маркалы ұшақ оқу-жаттығу рейсін орындау барысында апатқа ұшыраған.
Аталған әуе кемесі жеке тұлғаның меншігінде болған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Алдын ала деректер бойынша, ұшақ бортында екі экипаж мүшесі болған. Өкінішке қарай, екеуі де қаза тапты.
Қазіргі таңда Көлік министрлігіне қарасты Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің мамандары оқиға орнына жіберілді.
Апаттың мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылатын болады.