Жаңалықтар

Astana Media Week-2022 апталығы басталды

Astana Media Week-2022 апталығы басталды

Бүгін Astana Media Week-2022 апталығы басталды. «Қазмедиа орталығында» алтыншы рет өткізілетін басқосуда отандық және шетелдік жетекші медиаменеджерлер, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, ақпараттық платформалардың басшылары, журналистер, блогерлер және тәуелсіз сарапшылар тәжірибе алмасып, түрлі талқылаулар жасайды. Шара 26-28 қазан аралығында өтеді. Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Көркемдік кеңес мүшелері Astana Media Week аясында продакшн компаниялармен кездесіп, 2023 жылға арналған жаңа телехикаялар идеясына талқылау ұйымдастырады. Кездесу 28 қазан, сағат 10:00-де «Қазмедиа орталығында» өтеді.