дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Астана — намыссыз қазақтар тұратын қала". Абзал Құспан өз тілін білмейтін елордалықтарды сөкті

"Астана — намыссыз қазақтар тұратын қала". Абзал Құспан өз тілін білмейтін елордалықтарды сөкті
Депутаттың бұлай деуіне - көпшіліктің орыс тілінде сөйлеуі себеп болған

Астанадағы саябақтардың  біріне шыққан белгілі заңгер, Мәжіліс депутаты қазақ тілінде сөйлемейтін қандастарымызды сынап әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады, -деп жазады jambylinfo.kz.

Абзал Құспанның айтуынша, дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеген. 

"Астанаға өңшең намыссыз, арсыз қазақтар жиналады білемін. Дәл Астанадағыдай өз тілінен безген өресіз ата-аналарды еш жерден көріп, еш жерден кездестірмеппін!" - деп жазды депутат.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары екіге жарылды. Бірі - депутаттың сөзін қуаттаса, енді бірі - бұған қарсы уәждарын жазған. 

Еске салайық, тіл жанашыры бұған дейін мемлекеттік тілге қатысты бірнеше сот процестерде жеңіске жеткен.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар