жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Астана-Петропавл» тас жолында көлік өртеніп кетті

«Астана-Петропавл» тас жолында көлік өртеніп кетті
ашық дереккөзі
«Астана-Петропавл» тас жолында көлік өртеніп кетті
Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» тас жолының бойында көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Жамбылинфо ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпан күні таңертең «Астана-Петропавл» тас жолының 195 шақырымында болған. «Анықталғандай, Астана бағытында жүріп келе жатқан «Honda Stream» көлігінің капотынан бастапқыда түтін шығып, кейін қызыл жалынға ұласқан. Көлік жүргізушісі 40 жастағы ақмолалық тұрғын аман-есен. Өртті сөндіруге Макинск қаласындағы 8-құтқару өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, көлік толығымен өртеніп кетті», - деді ведомстводан. Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарға жолға шыққанда абай болуға, сондай-ақ, көлік құралын уақтылы техникалық қызмет көрсетуден өткізу, оның жарамдылығын тексеру, ал өрт шыққан жағдайда дүрбелеңге түспей жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгілі бір іс-қимыл алгоритмін ұстануды еске салады. Айта кетсек, Ақмолада жүк көлігін тоқтатпақшы болған механик көз жұмды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар