Жаңалықтар

Астана тұрғыны 7 млн теңгесін пойызда ұмытып кетті

Астана тұрғыны 7 млн теңгесін пойызда ұмытып кетті

3 ақпан күні 43 жастағы астаналық Алматы – Орал пойызында 4 млн теңге және 6 мың доллар салынған сөмкесін ұмытып кеткен. Ер адамның айтуынша, ол Есіл стансасынан шыққан. Үйге барғанда сөмкесі жоқ екені есіне түскен. Осыдан кейін елордалық көлік полицейлерінің көмегіне жүгінген. Полиция сөмкені тауып, иесіне қайтарды.