Астана тұрғыны супермаркеттерден жалған чекпен тауар «сатып алып» жүрген
Астана тұрғыны супермаркеттерден жалған чекпен тауар «сатып алып» жүрген
1 шілде күні белгісіз ер адам қаладағы супермаркеттер мен дүкендерге кіріп, тауар үшін ақша аударғаны туралы жалған чектерді көрсеткен. Кейін 5 шілде күні алаяқ сауда үйлерінің біріне қайта барған. Сол кезде оны сатушылар танып, дүкен иесіне хабарлаған. Кәсіпкер полицияға қоңырау шалып, тәртіп сақшылары келгенге дейін күдіктіні ұстауға тырысқан. Тергеу барысында Астананың 33 жастағы тұрғыны танымал қосымшадағы боттың көмегімен ақша жіберілгені туралы жалған чектерді жасағаны анықталды.