Жаңалықтар

Астана әуежайында 28 рейс кешігіп жатыр

Астана әуежайында 28 рейс кешігіп жатыр

Астана қаласының халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр. Әуе айлағының баспасөз қызметі әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар күреліп жатқанын хабарлады. Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Астанада бұрқасын екінші күн жалғасып жатыр. Ал Алматыда 4 қаңтар күні таңертеңнен бері қар жауа бастады.