Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады

Аумағы - 2736 шаршы метр
Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты.
Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр.
Жобаны дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге өтініш берілген.