Жаңалықтар

Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Бельгия сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал Бельгия делегациясын Бельгия Сыртқы істер, сыртқы сауда және ынтымақтастық мақсатындағы даму жөніндегі федералдық мемлекет қызметінің Екіжақты қатынастар жөніндегі бас директоры Биргит Стевенс басқарды.

Консультациялар барысында тараптар Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бүгінгі дамуы мен келешегін талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім тұрғысынан қоса алғанда, ҚР мен ЕО арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты өзара құрмет пен сындарлы серіктестік негізінде одан әрі арттыруға дайындық білдірді.