Жаңалықтар

Астанада балаларды ұрып, қылқындырған: 30 жастағы күдікті ұсталды

Астанада балаларды ұрып, қылқындырған: 30 жастағы күдікті ұсталды

Ақпаратты Астана қаласының полиция департаменті растады. – Аталған факт бойынша Байқоңыр ауданының полиция басқармасы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.