Жаңалықтар
Астанада бір күнде 5 велосипед ұрлап, сатып жіберген жасөспірімдер ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 2 маусым, 2024
- 439
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында велосипедтерді ұрлап сатумен айналысқан 14 және 15 жастағы кәмелетке толмаған балаларды анықтады.
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің 5 велосипед ұрлауға қатыстылығы белгілі болды. Олар күндізгі уақытта велосипедтерді үйдің кіреберісінен еркін кіріп алып кеткен. Кейін ізін суытқан. Дегенмен бейнебақылау камераларының көмегімен жас құқық бұзушылардың жүрген ізі анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдермен алдын-алу әңгімелері жүргізілді, заңды өкілдеріне тапсырылды. Ұрланған бес велосипед тәркіленді,-делінген полиция мәліметінде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала