“Жібек жолы” деп аталатын жоба Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланған. Бұл туралы Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz.
Ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өтті.
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш ULKENBAY компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсайтын аттракциондар паркінің құрылысы бойынша ауқымды жоба талқыланды. “Жібек жолы” деп аталатын ойын-сауық кешені Қазақстан мен Қытай мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады, - делінген ақпаратта.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз