Жаңалықтар

Астанада екі бала жұтып қойған ойыншықтан жазым бола жаздады

Астанада екі бала жұтып қойған ойыншықтан жазым бола жаздады

Бір жарым жасар бала бірнеше күн ішкен тамағын құсып, іші ауырған. Ата-анасы тамақтан уланып қалды деп ойлаған. Әуелі дәрігерлер ішек инфекциясын іздейді. Алайда бірнеше күннен кейін кішкентай қыздың дәретке бармай жүргенін байқап, шұғыл хирургия бөліміне алып барады. ▪️Балаға «ішектің бітелуі» диагнозы қойылды. Оның асқазанына түскен кішкентай шарик гидрогелийлік болып шықты. Ондай заттар суға түскенде үлкейеді.  width=Медициналық көмек уақытында жасалмаса, адам қайтыс болады. Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы. Фатимамен қатар тағы бір бала ауруханаға түскен. 11 айлық сәби де шарик жұтып қойған.