Астанада екі жасөспірімнен АИТВ анықталды
Астанада екі жасөспірімнен АИТВ анықталды

Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша елордада 206 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған. Оның екеуі жасөспірім. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері мәлімдеді.
Одан бөлек, вирустық А гепатиті 88%-ға, менингококк инфекциясы 84%-ға, тұмау 20 есе, ЖРВИ 4 есе артқан. 117 адам қызылша жұқтырған, оның 90-ы екпе алмаған балалар.
Шомылу маусымы басталғалы екі астаналық рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, серозды менингит жұқтырған.
Сарқыт Бейсенова азаматтарға ашық су қоймалары мен субұрқақтарда суға түспеуге кеңес берді.