Жаңалықтар

Астанада ер адам интим видеосы үшін Land Cruiser Prado көлігін ломбардқа тапсырған

Астанада ер адам интим видеосы үшін Land Cruiser Prado көлігін ломбардқа тапсырған

Астана полицейлері бірнеше жыл бойы астаналықты қорқытып, ақша алған бопсалаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Жамбылинфо Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап. 31 және 46 жастағы екі ер адам бірнеше жыл бойы астаналықтан қорқытып ақша алған. Олар психологиялық қысым көрсету арқылы, интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2019 жылдан бастап ер адамды бопсалаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар екі ер адамды ұстады және қамауға алды. Күдіктілердің бірі Алматы қаласында ұсталды. Жеке тексеру барысында одан есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.