Жаңалықтар

Астанада ер адам намаз кезінде 270 мың теңге ұрлап кетті

Астанада ер адам намаз кезінде 270 мың теңге ұрлап кетті

Намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке барған. Намаз кезінде ол залдың ең соңғы қатарына жайғасады. Сол сәтте терезенің алдында жатқан күрткелерге көзі түседі. Намазға жиналған жамағаттың байқамай тұрғанын пайдаланып, күрткелердің бірін алып, қалтасын тексере бастаған. Әмияннан 600 доллар (270 мың теңге шамасында) тапқан. Сөйтіп ақшаны алып, әмиянды күрткенің қалтасына қайта салып, мешіттен шығып кеткен. Ұсталған адам кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. Дереккөз: Sputnik.kz