Астанада ер адамның басына кірпіш құлап, қайтыс болған
Құрылыс алаңында жатқан ер адамның видеосы тарады
Оқиға барысында ер адамның биіктен құлағаны айтылған. Бірақ полиция департаменті оның басына кірпіш құлап, содан көз жұмғанын мәлімдеп отыр. Бұл туралы Jambylinfo.kz. хабарлайды.
Оқиғаның мүлде басқаша болғаны анықталды.
«19 шілдеде биіктен құлау фактісі емес, құрылыс алаңында жұмысшының басына кірпіш құлап, мерт болғаны белгілі болды. Жұмысшының өліміне байланысты полиция қызметкерлері абайсызда адам өліміне әкелген құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», – дейді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.