Астанада футбол алаңында жігітті қақпа басып қалып, көз жұмды

Қайғылы жағдай «Достық арена» спорт алаңында болған
Астанада футбол алаңында 25 жастағы жігітті қақпа басып қалып, ол қайтыс болды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы Астана қалалық ПД мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай «Достық арена» спорт алаңында болған. Футбол ойыны кезінде қақпада тұрған жігіт оған асылып, айналмақшы болады. Алайда жігіт оған асыла бергенде, қақпа жігіттің үстінен басып, ауыр темір қарақұс тұсынан басына құлайды. Жігіт алған жарақатынан көз жұмды. Марқұм 25 жаста болған екен.