Астанада ірі криминалитет өкілдері ұсталды
Олар жұрттың ақшасы мен көлігін тартып алып отырған
Елордада полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олар бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп күдікке алынған.
Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа бір жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен.