Жаңалықтар

Астанада лифттің темірі әйелдің басына құлады

Астанада лифттің темірі әйелдің басына құлады

Астанада лифттің құлаған темірі әйклдің басына түскен. 

Елордалық полицияның хабарлауынша, жәбірленуші ауруханаға жатқызылған. Оқиға 18 қарашада Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 1-бөлігі «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.