Астанада медиа саласының 67 өкілі баспанаға ие болды
- авторИндира Тәліпқызы
- 29 маусым, 2024
- 592
Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай, медиа саласының 67 өкілі баспанаға қол жеткізді деп хабарлайды jambylinfo. kz. ҚР Мәдениет және министрлігінің ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шарада
Президенттің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли сөз алып, бақ саласының қызметкерлерін құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.
"Біз бұл жолы әріптестеріміздің әлеуметтік жағдайына назар аудардық. Бүгін пәтер кілттеріне ие болатындардың 21 көп балалы отбасылар, 5 жалғыз басты ана, 6 әріптесіміз ол жатақханада тұратын отбасылар. Сондай-ақ, 11 отбасының үйінде мүмкіндігі шектеулі не баласы, не жұбайы бар. Президенттің қолдауымен былтыр 65 маман баспаналы болса, биыл 67 адам қоныс тойын тойлап жатыр. Бұл журналистерге жасалған үлкен қамқорлық ", -деді Берік Уәли.
Айта кетейік, былтыр БАҚ қызметкерлеріне бір және екі бөлмелі 65 пәтер берілсе, биыл бір, екі және үш бөлмелі жалпы саны - 67 пәтер беріліп отыр.