Жаңалықтар

Астанада мектеп директоры күйеуін пышақтап өлтірді

Астанада мектеп директоры күйеуін пышақтап өлтірді

Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылардың шаңырағында болды.

Әйел бір айға еңбек демалысына өтініш жазып кеткелі бар-жоғы 6 күн өткен. Еңбек өтілі 10 жылдан асатын биология пәнінің мұғалімі, кейіннен директор болған оны мектеп ұжымы өз ісіне тиянақты, жауапты маман дейді, деп хабарлайды «31 арна». Алдымен күйеуі пышақпен әйелінің мойнын тіліп өтіп, кейіннен кеуде тұсын жарақаттаған. 34 жастағы келіншек өзін-өзі қорғау мақсатында жарына суық қару ала жүгіріп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталыпты. Ал осы үйдің тұрғындары сол күні ешқандай шуды естімегенін айтады. Қазір әйел бірнеше дене жарақатымен хирургия бөлімінде жатыр. Ота жасалып, денсаулығы бірқалыпты болған соң тергеу амалдары басталады.