жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада оқушы қызды зорлады деген күдікпен 4 жасөспірім ұсталды

Астанада оқушы қызды зорлады деген күдікпен 4 жасөспірім ұсталды
ашық дереккөзі
Астанада оқушы қызды зорлады деген күдікпен 4 жасөспірім ұсталды
Астанада 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Өкінішке қарай, мұндай факті болды. Біз күдіктілерді бірден анықтап, ұстадық. Олар да кәмелетке толмаған балалар. Қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Кәмелетке толмаған 4 бала ұсталды», деді Сәденов журналистердің сұрағына жауап беріп.
Бұған дейін Астанада 11-сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызды жабылып зорлағаны хабарланды. Жаға ұстатарлық жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Кейін полиция да, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да бұл ақпаратты растады. Зәкиева жәбір көрген қыздың анасымен байланыста екенін және онымен психологтар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар