Астанада оқушы қызды зорлады деген күдікпен 4 жасөспірім ұсталды
Астанада оқушы қызды зорлады деген күдікпен 4 жасөспірім ұсталды
Астанада 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұған дейін Астанада 11-сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызды жабылып зорлағаны хабарланды. Жаға ұстатарлық жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Кейін полиция да, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да бұл ақпаратты растады. Зәкиева жәбір көрген қыздың анасымен байланыста екенін және онымен психологтар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.