жұма, 27 желтоқсан, 2024 13:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада «Qnet» қаржы пирамидасын құрған адам ұсталды

Астанада «Qnet» қаржы пирамидасын құрған адам ұсталды
ашық дереккөзі
Астанада «Qnet» қаржы пирамидасын құрған адам ұсталды
Ол компания ретінде Астана мен Ақмола облысының аумағында 2020 жылдан бастап жұмыс істеген. Күдікті жеке тұлғалардан тартылған қаражатты кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, "Qnet" қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырған. Схема бойынша ескі салымшыларды жаңа келгендердің жарналары есебінен қайта бөлу және байыту арқылы жүзеге асырылды. "Qnet" халықаралық компаниясының қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция қызметі түрінде жасырылды. Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы деп танылды, сондай-ақ оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізген. Өкілетті органның қорытындысына сәйкес компания салымшыларынан түскен түсім сомасы 463 млн. теңгені құрады. Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге 2 айға «қамауда ұстау» шарасына санкция берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар