жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада өрт сөндіру және құтқару қызметінің желілері істен шықты

Астанада өрт сөндіру және құтқару қызметінің желілері істен шықты
ашық дереккөзі
Астанада өрт сөндіру және құтқару қызметінің желілері істен шықты
Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет желілері істен шықты. Дәлірек айтқанда, өрт сөндірушілерді шақыратын «101» нөмірі мен құтқарушылардан көмек сұрайтын «112» нөмірлері байланыс желісі бойынша техникалық ақауға байланысты уақытша жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Астана қаласының тұрғындарына арналған шұғыл ақпарат. Байланыс желісі бойынша техникалық ақауларға байланысты ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет желілері («101», «112») ажыратылды. Төтенше жағдайлар (оқиғалар) кезінде келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз. 8(7172)55-94-32, 8(7172)37-41-70, 8(7172)37-43-63 және ұялы телефон нөмірлері 8-771-440-01-12, 8-708-269-23-41», - деп хабарлады департамент әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Дегенмен, елордалықтар «101» және «112» нөмірлеріне стационар телефоннан қоңырау шала алады. https://www.instagram.com/p/C2jUJGVtpx8/?igsh=MW82M2I1Ym9heDhjeg%3D%3D
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар