Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды

Бұл лауазымға "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының экс-орынбасары Жанасыл Шаукентаев кірісті
Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі болып, Жанасыл Шаукентаев тағайындалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жанасыл Шаукентаев 2014 жылдың қараша айынан бастап Астана қаласының әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарған: қаланың Жер қатынастары басқармасы, қала әкімінің аппараты, қаланың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және т.б.
Кейінгі жылдары "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, "Астана қаласы әкімінің аппараты" ММ басшысының орынбасары болған.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеген.