жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада су ресурстарын басқарудағы ҮЕҰ-ның рөлі талқыланды

Астанада су ресурстарын басқарудағы ҮЕҰ-ның рөлі талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылғы 3 қазанда Астанада XII Азаматтық форумға дайындық аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынға Қазақстан Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасы Лима Диас және Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты.

Кездесуде су ресурстарына мониторинг жүргізу, су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру және азаматтық қоғамның су саясатын іске асыруға қатысуы мәселелері қаралды. ҮЕҰ өкілдері су ресурстарын тиімді басқаруға қатысты бірқатар ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстар форумның қорытынды құжаттарында ескеріледі.

Жиын қорытындысында министрлік жанынан ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Бұл кеңес қоғамдық ұйымдармен байланысты жүйелі түрде дамытуға және су ресурстарын пайдалану мен қорғауға қатысты шешімдерге азаматтардың қатысуын арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар